"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Жаңажол ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Жанажол отдела оброзования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біздің әлументтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сенбілік жұмысы

21.04.2021

14.04.2021 ж.- 15.05.2021 ж. дейін Целиноград ауданының әкімі санитарлық-экологиялық айлықты жариялаған болатын.Көктемгі тазалық науқаны аясында Жаңажол ауылының негізгі орта мектебінің мұғалімдері мен оқушылары  сенбілікке шығып, мектеп ауласына тазалық жұмыстарын жүргізді.

Сенбі сайын жүргізілетін жалпы аудандық сенбілік жұмыстарынан бөлек, аудан айналасын санитарлық тазалау жұмыстары үздіксіз жалғасуда. Целиноград ауданы елді мекендерінің аумағын санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру айлығы аясында барлық округтерде сенбіліктер жалғасуда. Мектеп ауласында ұйымдастырылған сенбілік жұмысы барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай өткізілді.

Мектеп әкімшілігі алдымен оқушыларды қауіпсіздік ережесімен таныстырып, сыныптарды учаскелерге бөлді. Сенбілікте мектеп алдына көшеттер отырғызылып, қоқыстар шығарылды. Ауылдың тазалығы ауыл көркі. Сенбілік айлық аясында өз жалғасын табады.

Просмотров: 474


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст