"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Жаңажол ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Жанажол отдела оброзования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біздің әлументтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кітап - рухани байлық

14.04.2021

Адамзаттың ұлы байлығының бірі – кітап. Ол – адамның көп ға­сыр­лық ақыл-ойының жемісі. Кітапты талғап та таңдап оқи алу, оны терең түсіну, содан алған әсерді қажетке жарату – әркімнің білік-білімін, пайым-парасатын айқындайтын алғышарттардың бірі де бірегейі. Кітап – қазына және оқырманның асып-тасымайтын асыл досы. Өйткені, онымен шын «дос» болған кісінің ой-өрісі кең, сөз мәдениеті жоғары болары сөз­сіз. Кез келген елдің тарихын, жүріп өткен жолын баян ететін де сол кітап.

Өкінішке қарай, бүгіндері әдебиетке деген қызығушылық азайып, бір құлықсыздық пайда болды. Оның себебін алыстан емес, күнделікті қолданысқа енген жаңа технологиялардан іздеген жөн. Бұған бәріне «капиталистік сана» тұрғысынан қарайтын адамдарды қосыңыз. «Оқырман жоқ, кітап оқылмайды!» деп даурығамыз. Сол тақырыпты неге зерттеп, әлсіз тұсын анықтап, кемшілігін түземейміз?! Дәл қазіргі кезде адамға кітап оқытпайтын көп факторлар бар. Яғни кедергілер. Бірі – жасанды, екіншісі – табиғи. Мен педагог ретінде айтарым, бұрынғы кезбен салыстырғанда қазіргі ата-аналар балаға, балаға кітап оқыту мәселесіне, бала тәрбиесіне аз көңіл бөледі. Соның әсерінен бізде «оқырман мектебі» қалыптаспай жатыр. «Оқырман мектебі» дегенміз не?! Ол орта, кітапты талғап, талдап, саралап, таңдап оқитын ойлы оқырмандардан құралған орта. Кейін, сол орта интеллектуалдық күш-қуатқа айналып, елге, ұлтқа, қазаққа, Алаш жұртына еңбек етіп, адамзат игілігі үшін қызмет етуі қажет. Ал кітап оқу, кітапқа деген қызығушылық балабақшадан, мектептен басталу керек. Ертегі, аңыз-әңгіме, тақпақ, бәрі-бәрі бүлдіршіннің кітапқа деген құш­тарлығын оятады. Меніңше, оқу, тоқу, іздену формацияға немесе технологияға байланысты емес. Себебі, егер адам өзіне белгілі бір дүниені қажетсінсе, онда ол соған қарай ұмтылады. Құлдырау қай жерден басталады?! Құлдырау сол қажеттілікті сезінбегенде басталады.

Мен педагог болғандықтан «бала және кітап» контекстінде сөйлеуге тиіспін. Ата-аналар баланың теледидар көру уақытын кішкене болсын азайтса, онда олар көп нәрседен ұтады деп ойлаймын. Өйткені, теледидар біріншіден, ерікті шектейді, екіншіден, ол ойлануға, еркін ойлануға мүмкіндік бермейді. Сондықтан ата-ана баласының кітап оқуына тұрақты түрде көңіл бөліп тұрса, нұр үстіне нұр болар еді.

Адамды ойшылдыққа бастайтын нәрсе – әдебиет. Әдебиет қана адамның рухани әлемін байытып, оның жан-жарасын емдей алады. Әдебиет қана ұлтты оята алады. Әдебиетке басымдық бермеу – ұлтты тірідей өлтіру, оны жою. Қазақ баласының әдебиеттен алыстатып алмаудың амалын бірлесе табуымыз керек. Өскелең ұрпақтың қызығушылығын арттыру – басты міндет. Меніңше, қазіргі уақытта оқырманды тартудың, оқырман үшін күресудің жолы өте көп деп білемін.

Просмотров: 621


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст