Текст
Мектепте наурыз мейрамына арналған іс-шаралар өткізілді. Мақсаты оқушыларға мейрамның қалай шыққанымен және қазақ халқының салт-дәстүрлері мен Наурыздың рәміздерімен таныстыру болды.
Барлық сыныптар белсенді қатысып, өз өнерлерін көрсетіп, ұлттық киімдерін киіп келді. Мектеп директоры Қ.Қ. Мауленова Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамымен құттықттады. «Наурыз-думан, наурыз –ән» атты сынып сағаттар өтті. Іс шаралар барысында оқушылар ұлттық өнерден шашу шашып, салт-дәстүрімізді насихаттады. Сонымен қатар мектепте мұғалімдердің қатысуымен қазақ халқының ұлттық дәстүрінен «Сырға салу» ұйымдастырылды. Мектептегі сыныптан тыс іс-шаралар өте қызықты өтті.