"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Жаңажол ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Жанажол отдела оброзования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біздің әлументтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Отбасы құндылықтары

10.03.2021
"АНА  - ән, бала оның қайырмасы" атты отбасылық сайыс. Мақсаты: ата - ана және бала қарым - қатынасының өзара байланысын қалыптастыру, отбасының өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту; отбасы тәрбиесінің мән - маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салтты, дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу, алдағы жаңа өмірге даярлау.
   Барлық өнеге отбасынан басталады. Осы ретте  жастардың  бойына сіңген ізеттілік - дөрекілікке, қайрымдылық – қатігездікке, адалдық – арамдыққа ауыспасын деген тілегімізді орындау - ұрпақ алдындағы ұлы міндет.Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.Қазақ отбасында әрдайым: «Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе, көргенсіз болма» деген сияқты сөздерді балаларының құлағына құйып өсірген.

Қазақ отбасында өз баласын мейірімділікке, имандылыққа баулып өсірген. Үнемі отбасында осылай тәрбие көрген бала ақырында, өздігінен тіл алғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болып шыға келеді.

Тәрбие басы әдептілік деп білген ата-ана әуелі баласына өздерін сыйлап-құрметтеуді, өзгелерге, әсіресе үлкендерге, сыпайылық танытуды, ешкімді мұқатпауды үйреткен. Сонымен қатар, балаларының ер-азамат болып, халқына еңбек етулерін басты міндет етіп қойған.

Ұлттық салт-дәстүрімізді білу, оның  астарын  түсініп,  атадан балаға  мирас ету қазіргі  таңда әсірісе қазақ  қыздары үшін  ауадай қажет. «Қыз тәрбиелей отырып- ұлтты  тәрбиелейміз» деген қанатты сөздің өзі қыз бала  тәрбиесінің қаншалықты маңызды екенін білдіреді.

Қыздың  бойындағы ізеттілік, көргенділік нәресте  кезінен ана сүтімен  бойына сіңген. Қатты күлмеу, айқалап сөйлемеу, үлкеннің жолын кеспеу, ыдыс –аяқты сылдырлатпау, алдымен  кіріп, артымен шығу, есікті теуіп ашпау, босағаны кермеу, үлкендерден жоғары отырмау тәрізді тіпті қыз баланың отырысына, жүрісіне, киім киісіне, дауыс ырғағына дейін мән берілды.  Мейірім бала кезден, ең жақын адамын сүюден басталады. Әрбір қыз балаға  ата-анасын,  туыстарын,  ұстаздарын сыйлап, қадірлей білуді үйретсе, болашақта одан елін ,жерін, халқын сүйетін,  өз шаңырағын ардақтайтын, балаларын жақсы көретін қамқор ана,  қайратты жан, нәзік ару шығатыны сөзсіз. Қыз баланың жақсы болып өсуіне оның өскен ортасының, бірге жүрген құрбы-құрдастарының, дос-жарандарының да әсері күшті. Қазақтың «Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол», «Қызға қырық үйден тыйым» деген нақыл сөздері сол өмір тәжірибесінен алынған. Сонымен қазіргі заманғы қыздардың бойынан: ақылдылық, инабаттылық, сымбаттылық, көріктілік және де іскерлік қасиеттері де табылуға тиіс. Халық «Өнерсіз қыздан без, өнегесіз ұлдан без» деген. Ұлы Абай атамыз «Ары бар, ақылы бар, ұяты бар ата-ананың қызынан қапы қалма» деген екен.

Просмотров: 464


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст