"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Жаңажол ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Жанажол отдела оброзования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біздің әлументтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Отбасылық құндылықтар ағашы" тренинг

16.02.2021

Жаңажол ауылының негізгі орта мектебінің психологы Киргизбай Турар Қайырғалиқызының ұйымдастыруымен "Отбасылық құндылықтар ағашы " тақырыбында 9 сынып оқушыларымен тренинг сабақ өткізілді. Мақсаты: Отбасы құндылығын дәріпттеу, отбасылық өнеге, жағымды қарым-қатынас дағдыларын арттыру. Тренинг барысында оқушылар "Алтын ұя", "Берекелі отбасы" топтарына бөлініп /Татулық, тыныштық, талап, тазалық,тәртіп/ сөздерінің мәнін ашуда отбасы жағдайындағы өз ой-пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар психологиялық жағдаяттар арқылы "Мен нұрмын", "Мен нұрлымын", "Нұр менің ішімде" тақырыптар арқылы өн бойындағы қасиеттері арқылы оқушылар пікіралысты. Оқушылар назарына отбасы құндылығы аясында бейнебаян ұсынылып, сұрақ-жауаптар арқылы екі топ алған әсерлерімен бөлісті. Шара соңында "Отбасы құндылықтар ағашы" тақырыбында постер қорғады. Бір-біріне ізгі тілектерін жолдады. Ең бастысы отбасы тәрбиесіндегі әр обасы мүшесінің рөлі туралы, өнегелік істері жайлы ойларын ортаға салып тренингтен алған әсерлерімен бөлісті.

Просмотров: 1016


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст